www.kakishev.kz атауын алған сайт «Қаламгер ТЕН» ЖШС-нің техникалық қолдауымен және Т. Кәкішұлының шәкірті, әл-Фараби атындағы ҚАЗҰУ магистрі Нұрдәулет Нұрәділұлының демеушілігімен жасалған. Сайт сондай-ақ «БӘЙГЕ» ұлттық интернет Жүлдесі» жобасы аясында дүниеге келіп отыр. Бұған дейін «БӘЙГЕ» ұлттық интернет жүлдесінің ұйымдастырушылары ай сайын қаламгерлер мен ғалымдар, қоғам қайраткерлеріне бір сайт жасап, сыйлау туралы ұсыныс жасаған еді. Ұсыныс аясында дүниеге келген алғашқы сайтта Т. Кәкішовтың өмірбаяны, фото-видео мағлұматтары, ғылыми еңбектері, сұхбаттары, мақалалар жарияланады. Веб-сайт арқылы ғалыммен тікелей хабарласып, байланыс орнатуға мүмкіндік қарастырылған.
Сайттың таныстырылымы шарасы барысында Т.Кәкішевпен кездесу өткізіліп, сайт куәлігі салтанатты түрде табыс етіледі. Шараға белгілі қоғам қайраткерлері, ғалымдар, БАҚ өкілдері қатысады.