14:22, 12 Маусым 2009
Академик Я. Әубәкіров туралы «Әке туралы сөз. Естеліктер» деп аталатын жаңа кітап жарық көрді
АЛМАТЫ. Маусымның 12-сі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Алматыда ҚР ҰҒА академигі Яхия Әубәкіровты еске түсіруге арналған шаралар өтуде,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Алдымен «ҚазҰУ ғалымдарының экономикалық ғылымының дамуына қосқан үлесі» деп аталатын халықаралық ғылыми конференция ұйымдастырылды. Қазақтың әл-Фараби атындағы ұлттық университетінде өткен бұл шара ҚР ҰҒА академигі, экономика ғылымының докторы, профессор Яхия Әубәкірұлы Әубәкіровты еске алуға арналған болатын. Конференция аясында университеттің экономика факультетінде «Я. Ә. Әубәкіров атындағы аудитория» ашылып, жаңа кітаптардың таныстырылымы болды. «Әке туралы сөз. Естеліктер» кітабының авторы - экономист-ғалымның үлкен қызы Қазақтың Құрманғазы атындағы ұлттық консерваториясының ректоры Жәния Әубәкірова. Ол ? «Бейнеттік кезеңі» (туыстарының пікірі), «Ыстық ұя» ( ҚазҰУ-ғы еңбек жолы туралы), «Достар, достар», «Үзеңгілес әріптестер пікірі», «Шәкіртсіз ұстаз ? тұл», «Отбасы», «Айдың арғы беті» (Жәния Әубәкірованың әкесі қайтыс болғаннан кейінгі ойлары), «Әкесіне жазған хаты» деген 8 тараудан тұрады. Бұл күні сондай-ақ профессордың екінші қызы - экономика ғылымының докторы, қазақтың Абай атындағы ұлттық педагогикалық университетінің кафедра меңгерушісі Жанар Әубәкірованың атсалысуымен шыққан тағы бір кітаптың тұсаукесері өтті. Ол Яхия Әубәкіровтың «Ұлтық экономикалық теориялық-әдістемелік және тәжірибелік даму мәселелері» деп аталатын ғылыми жұмыстарының жинағы. Орыс тілінде жарық көрген бұл жинақ ? «Экономикалық теориялардың теориялық-әдістемелік мәселелері», «Қазақстандағы нарықтық қатынастардың қалыптасуы», «Қазақстанның орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуға көшу мәселелері», «Жаһандану жағдайында ұлттық экономикалардағы транформациялық үдерістер», «Әлеуметтік-экономикалық дамудың қазіргі заманғы кезеңіндегі ұлттық экономика» деген 5 тараудан тұрады.