АСТАНА. KAZINFORM - Вьетнамның Хайфон қаласында өтіп жатқан академиялық ескек есуден ересектер арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына 2 медаль түсті.
Құрлықтық додада 2000 метр қашықтықтағы сайыста әйелдер арасында Роза Кеңес, Мария Чернец, Екатерина Носкова, Ирина Чудина күміс медаль алды.
Ал 2000 метр қашықтықта ерлер арасында жеңіл салмақтағы Артём Матусевич қола жүлдегер атанды.
Айта кетейік, бүгін, 19 қазанда тағы финалдар өтеді. Биыл құрлықтағы 18 елден жиналған 232 ескек есу шебері жүлдеге таласып жатыр.
Былтыр Өзбекстанның Самарқан қаласында өткен Азия чемпионатында Қазақстан 2 күміс, 7 қола медальмен жалпыкомандалық есепте 7-орыннан көрінген еді.
Айта кетсек, бұдан бұрын сәуір айында Оңтүстік Кореяның Чунджу қаласында өткен академиялық ескек есуден Азия құрлығының лицензиялық жарысында Қазақстан құрамасы академиялық ескек есуден 2 алтын, 1 күміс, 1 қола медаль жеңіп алды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.