Ақаевтың киген кебін Қ.Бакиев те киген сияқты - В.Путин
09:55, 08 Сәуір 2010
АСТАНА. Сәуірдің 8-і. ҚазАқпарат - РФ Премьер-министрі Владимир Путин, Қырғызстан президенті Құрманбек Бакиев 2005 жылдың наурыз айындағы «жауқазын төңкерісі» кезінде биліктен қуылған елдің бұрынғы басшылығының кебін киіп отыр деп санайды.
Бұл туралы РБК агенттігі хабарлайды.
«Президент Бакиев билікке келген кезде Асқар Ақаевты отбасының күйін күйттеп кетті деп айыптаған болатын. Маған, Бакиев мырза да сол Ақаевтың «ізімен» жүріп кеткен сияқты деген ой келеді», деді В.Путин Қырғызстандағы соңғы оқиғаларға түсіндірме бере келе.
Сонымен бірге, В.Путин, тараптарды сабырлыққа шақырып, зорлық-зомбылыққа жол бермеуге үндеді. Ол сондай-ақ, «бұл оқиғаға Ресейдің, менің де, ресейлік басқа да ресми тұлғалардың да қатысы жоқ», деп атап көрсетті.