«Қазіргі уақытта Азия экономикалық әлеует тұрғысынан да, жаһандық саясатқа ықпал ету тұрғысынан да жаһандық халықаралық қарым-қатынастың эпицентріне айналып отыр.
Дегенмен, өкінішке орай өңір елдері ұзақмерзімді салалардағы айтарлық қатерлермен, сонымен қатар жаңа сын-тегеуіріндермен бетпе-бет келіп отыр», - деді ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары.
Оның атап өтуінше, мұндай сын-тегеуіріндерге эпидемиологиялық, медициналық және азық-түлік қауіпсіздігі, табиғи және техногендік апаттар жатады.
«Осыған орай Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылдың қыркүйегінде БҰҰ Бас ассамблеясының 75-сессиясында Халықаралық биологиялық қауіпсіздік агенттігін құру туралы бастамасын атап өткім келеді. АӨІСШК елдері бұл бастамаға қолдау көрсететіндігіне және оны халықаралық алаңдарда ілгерлетуге септеседі деп үміттенеміз», - деді Ақан Рахметуллин.