«Достар, бүгін біздің «Томирис» атты кинотуындымыздың түсірілім алаңында журналистер болды. Әрине, сөз арасында оларға кастинг туралы айтып бердік. Томиристің 15 жастағы кезін Салтанат Серкебаева, ал 10 жасын Лия Фомина сомдайды. 3 және 5 жастағы кейіпкерлерді әлі қарастырып жатырмыз. Тағы бір мәрте кастингке қатысқан барлық үміткерлерге алғысымызды айтамыз», - деп жазды Ақан Сатаев Instagram-дағы парақшасында.
Режиссер бала Томиристің рөліне 3-тен 10 жас аралығындағы қыздарды іздеп жатқаны хабарланған болатын.
Бұған дейін Ақан Сатаев «Томирис» фильмінде басты рөлді сомдайтын актрисаны таныстырған еді. Үміткерді әлеуметтік желіде тауып алып, бағын сынап көруге шақырған екен. 28 жастағы Альмира Тұрсын үшін бұл алғашқы фильм болмақ.