«Достар, біздің «Томирис» фильмінде Кирдің рөлін дарынды, тартымды әрі әйгілі Гассан Массуд сомдайтынын қуанышпен әрі мақтанышпен хабарлаймын. Ол Ридли Скоттың фильмдерінде, әсіресе «Көк Патшалығы» фильмінде өзінің мінезді рөлдерімен белгілі. Бүгін ол бірінші рет біздің түсірілім алаңында жұмыс істеді. Біздің фильмге атсалысқан адамдардың бәріне зор алғысымды білдіргім келеді», - деді Ақан Сатаев өзінің фейсбук парақшасында.
Еске сала кетсек, Ақан Сатаевтың «Томирис» ауқымды тарихи туындысының басты кейіпкері Альмира Тұрсын жобадағы түсірілімдерін аяқтағанын хабарлаған болатынбыз.