Ақан Сатаев «Томирис» трейлерін сынаған парсыларға жауап берді

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық режиссер, «Томирис» фильмін түсірген Ақан Сатаев тарихи драма желісіне түсіністікпен қарауды өтінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталған фильмТұмар патшайымның қолбасшылығымен сақ тайпаларының ұлы даланы басып алғысыкелген парсы патшасы ІІ Кирге тойтарыс бергенін баяндайды.

«Достар,«Томирис» фильмінің трейлері шыққан соң, маған Иран азаматтары пікір жазабастады. Олардың ойынша, біз тарихтыбұрмалап жатыр екенбіз, Геродот Томирис патшайымның парсы патшасы Кирге қарсыкүресін ойдан шығарған... «Томирис»фильміне сценарий жазарда авторлар бүкіл әлем мойындаған Геродот еңбектерінесүйенді. Бұл фильммен ешкімнің қытығына тигіміз келмейді, себебі бізшығармашылық киноны қалаймыз. Оныңүстіне, өз заманының ұлы билеушісі болған Кир патшаны ерекше құрметтейміз», -деп жазды А. Сатаев өзінің Instagramпарақшасына.

РежиссерҚазақстан ғана емес, бірнеше мемлекет есте сақтап келе жатқан арғы бабалардыңтарихын баяндауды мақсат еткендерін жеткізді.

«Фильмнің ешсаяси, діни астары жоқ. Әлемнің кез келген нүктесіндегі көрерменніңтүсіністікпен қарауын сұраймыз», - деді Ақан Сатаев.

Еске сала кетсек,18 шілдеде қазақстандық режиссер Ақан Сатаев «Томирис» тарихи драмасыныңтрейлерін жариялады.

Фильм 2019 жылдыңкүзінде көрермен назарына ұсынылады.

Патшайымның рөлінсомдауға 15 мың үміткердің ішінен психолог-коуч Альмира Тұрсын таңдалғанеді.

Картинаның баспродюссері Әлия Назарбаева, қоюшы режиссер Ақан Сатаев, сценарий авторлары ӘлияНазарбаева мен Тимур Жақсылықов, Кастинг-директор Жайна Әбдиева, продюсерлерАнна Чакиртова мен Әлия Меңдығожина.

Соңғы жаңалықтар