«Ақан Сатаевтың «Районы» фильмі Барселонада өткен CASA Asia кинофестивалінде «Үздік операторлық жұмыс» аталымы бойынша жеңімпаз
болды...», - деп жазды astanafilmfund Инстаграмдағы парақшасында.
Айта кетейік, «Районы» фильмі прокатқа 2016 жылы қарашада шыққан. Фильмдегі басты рөлдерде Елтеріс Нұржанов, сондай-ақ режиссердің қызы Мариям Сатаева сомдайды.
Ақан Сатаевтың бұл туындысы 1987 жылдың күзінде Алматының «Театралка» атты ауданында болған оқиғаны баяндайды. 10-сынып оқушысы Арсен спорт-интернаттан кетіп, қаладағы мектептердің біріне ауысады. Ол жаңа ортаға бейімделу үшін өзіне жат заңдылықтарға мойынұсынуға мәжбүр болады.