«Ақан сері-Ақтоқты» 21 жылдан соң қайта оралмақ

None
АСТАНА. 28 маусым. ҚазАқпарат - Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік Академиялық қазақ музыкалық драма театры Қала күні құрметіне шілденің 2-3 күндері, сағат 18.30-да  халқының біртуар ұлы Ғабит Мүсіреповтің «Ақан сері-Ақтоқты» трагедиясының

премьерасын өткізеді. Бұл туралы театрдың баспасөз қызметі хабарлайды.

Нұрлан Жұманиязовтың сахналауында көрермен назарына ұсынылғалы отырған бұл қойылым алғаш рет 1942 жылы М.Гольдблаттың режиссерлығымен қойылса, Қаллеки театрының шымылдығы да 1991 жылы аталмыш қойылыммен ашылған болатын. Сан жылдар бойы сахна төрінен түспей келе жатқан шығарма, талай театрдың мәртебесін асқақтатып, мерейін үстем етті.

Бұған дейін театр сахнасында бірнеше қойылымды сахналаған «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, режиссер Нұрлан Жұманиязов, Қазақстан Республикасының халық қаһарманы Әзірбайжан Мәмбетовтың шақыртуымен осы өнер ордасында 2000 жылдан бері режиссер қызметін атқарып келеді.

21 жылдан кейін Қаллеки сахнасына қайта оралған шығармада заман зары, дүмше молданың ел арасын іріткен арамза қулығы, серінің сергелдеңге түскен ахуалы, арудың талқыға түскен тағдыры баяндалмақ.