Ұлттық ғылыми медициналық орталығының директоры, Астана қалалық мәслихатының депутаты, Абай Байгенжин Ақанның көзіндей болған құнды дүниені мұражай әкімшілігіне табыстады, деп жазады Baq.kz.
1932 жылы Абай Қабатайұлының ата-анасына серінің туыстары сыйға тартып, аманаттап кеткен кесе жақсы сақталған. -Ақан пайдаланған бұл бұйым мен ес білгелі біздің үйдің төрінде тұрды. Анам марқұм өмірінің соңына дейін кесені көзінің қарашығындай сақтады. Мұражайға табыста деп өтініш айтып кеткен еді",- дейді Абай Қабатайұлы.
Тарихи жәдігердің Сәкен мұражайына тапсырылуының өзінде үлкен мағына жатыр. Себебі, уақытында серіні құрметтеп, шығармаларын жинақтап, ел арасында кеңінен таратуға атсалысқандардың бірі Сәкен Сейфуллин болатын.