Брифинг барысында журналистер Атыраудағы қайғылы оқиғадан кейін елге жеткізілген Ақбаян Мұқанғалиеваға қатысты сот-психиатриялық сараптаманың қорытындысы неге әлі жарияланбағанын сұрады.
– Бұл іске қатысты 11 сараптама тағайындалды. Барлығы белгіленген мерзімде, уақытында аяқталды, - деді Бақытжан Байтилесов.
Сонымен қатар орталық басшысы сараптама қорытындысын жариялай алмайтынын атап өтті.
Еске салсақ, Жангелдин ауылында тұратын отбасы 2025 жылдың соңына белгісіз жағдайда жоғалып кеткен еді.
Сондай-ақ Атырау облысы Жангелдин ауылында болған жағдайға байланысты отбасы мүшелерінің қашан өлтірілгені белгілі болды. Сот медициналық сараптамасында және тергеу барысында анықталған дәлелдерге сәйкес Наурыз Мұқанғалиевтің 2025 жылдың мамыр айында қайтыс болғаны анықталды. Ал қалған үшеуі қараша айында көз жұмған.