Облыс әкімі орынбасарының айтуынша, Баянды ауылында қатты-тұрмыстық қалдықтарды көметін полигон құрылысына 2016 жылы 120 миллион теңге жұмсалмақ. Ақтаудың 31Б шағын ауданында құны 942 миллионнан астам теңге тұратын салық департаментінің ғимараты салынады. Облыс орталығында ішкі істер органдары үшін құны 100 милллион теңге тұратын спорт кешенінің құрылысы жүргізіледі.
- №2 Кәріздік-тазарту желісінің құрылысына 978 миллион теңге, Жаңаөзен қаласындағы қолданыстағы кәріздік желілерді қалпына келтіру және жаңғыртуға - 13 миллионнан астам теңге жұмсалады. Сондай-ақ 2016 жылы Ақтаудағы Шығыс-1,2,3 кәріздік желілерінің құрылысы жоспарланып отыр, - деп атап өтті Шолпан Илмұханбетова.