«2011 жылдан бастап «Ақбұлақ» бағдарламасына бөлінген қаражат 335 млрд. теңгеден асты. Ал нәтижесіне қарағанда, 2011 жылмен салыстырғанда бүгінде қалалар бойынша сумен жабдықтауға қолжетімділік 82 пайыздан 86 пайызға, ал ауылдық елді мекендер бойынша 42,5 пайыздан 50 пайызға дейін артты», - деді министр.
Дегенмен оның атап өтуінше, министрлік бағдарламаның жүзеге асырылуына талдау жүргізіп бірқатар мәселені көтеріп отыр.
«Біріншіден, жергілікті және орталық мемлекеттік органдардың мониотринг жүргізуге және есептілік тапсыруға жауапты тұлғаларды жеке бекітеміз. Екіншіден, жобаны қоса қаржыландыру үшін жергілікті бюджеттен қаражат бөлу туралы мәслихат сессиясының шешімдері қажет. Яғни, бір, екі жылда жүзеге асырылатын индикатифті нормаларды бекітейін деп отырмыз. Конкурстық рәсімдерді уақытты өткізбегендігі үшін және түпкілікті нәтижеге қол жеткізбегені үшін қаржыны игермеген өңірден басқа өңірге ауыстыру туралы нормаларды дайындап отырмыз. Осы күзде біз сессия ішінде осындай заңдарды өзгертуге алып келеміз»,- деді Е.Досаев.