Акционерлер «Цеснабанкке» 40 млрд теңге капитал құяды
«Цеснабанк» АҚ-на (ары қарай банк - авт.) қатысты ақпараттың туындауына байланысты хабарлаймыз: банк тұрақты режімде жұмысын жалғастыруда, реттегіштің пруденциялық нормативтері мен өзге де талаптарын орындауда, сонымен қатар клиенттердің төлем және аударым жүргізу бойынша барлық келісімді міндеттемелерін атқарып отыр. Банк «Агробизнес 2020» бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға бағытталған кәсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік бағдарламаның белсенді қатысушысы», - делінген банктің хабарламасында.
Белгілі болып отырғандай, 2013 жылдан бері банк жалпы сомасы 219 миллиард теңгелік жобаларды қаржыландырған.
«Осылайша, банк жалпы ауқымның 65 пайыздық үлесімен «Агробизнес 2020» бағдарламасының жобаларын жүзеге асыруда екінші деңгейлі банктердің арасындағы көшбасшысы саналады. Сонымен бірге, агроөнеркәсіптік сектордағы кәсіпорындардың қарыз бойынша жүктемесін азайтып, олардың қаржылық бекемдігін жақсарту үшін банк «Қазагро» Ұлттық бақсарма холдингі» АҚ-мен бірге «Агробизнес 2020» бағдарламасы аясында несиені өтеу мерзімін ұзарту мүмкіндігін қарап жатыр», - делінген банктің хабарламасында.
Сонымен бірге, банк «Проблемалық несиелер қоры» АҚ-мен байланысы мәселесін назарға алуда.
«Қаржылық нарықта банктің позициясын ары қарай күшейту мақсатында акционерлер жуық арада өз қаражаттары есебінен 40 млрд теңге көлемінде банкке капитал құйғалы отыр. 26 жылдың ішінде банк сенімді қаржылық институт пен серіктес ретінде абырой жинай отырып, Қазақстанның сенімді қаржылық институты ретінде қала береді», - делінген хабарламада.