АКЦИЯ: Темекіні алмаға айырбастап жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеудің орталық көшелерінде жұртшылықты темекі шегудің зияны туралы насихаттайтын жарнамалар пайда болды, деп жазады Вести.ру. Бұндай арнайы акция 26 шілде күні Вахтангов театры ғимаратында бастау алды.

Акция барысында темекі шегушілердің темекілерін алмаға айырбастады. Сондай-ақ шылымның зияны мен бұл әдеттен қалай арылуға болатындығы жөнінде тегін кеңестер айтылды.

«Бұндай акциялар арқылы көпшіліктің назарын аударуға болады. Акция барысында аздаған адам болсын темекінің зияны туралы ойланып, оны тастауға бел байласа, бұл біздің еңбегіміздің далаға кетпегендігін көрсетеді», - дейді Мәскеудегі денсаулық сақтау департамаентінің профилкатикалық медицина саласы бойынша бас маман Нана Погосова.