Зерттеу барысында, ажырасқан ата-аналардың балалары бұл жағдайды өте ауыр қабылдап, өздері де осындай жағдайға психологиялық тұрғыдан бейім тұратындығы анықталды.
Ғалымдар ажырасудың генетикалық жақындығын бірнеше фактор арқылы түсіндірді. Олардың арасында генетикалық ерекшеліктер мен әлеуметтік факторлар бар. Ата-ананың негативті әрекеттері олардың балаларының некесіне қатты әсер етіп, бұзылуына бірден-бір себепкер болады.
Айта кетейік, АҚШ ғалымдарының бұл тұжырымын Швецияда жүргізілген зерттеу де растап отыр. Шведтік ғалымдардың пікірі де американдықтармен үндес шықты.