Қайғылы оқиға Приморьенің Чугуевский ауданында орын алған. 18 жастағы жергілікті тұрғын әкесімен бірге аңға шыққан. Әкесі абайсызда мылтықтың шүріппесін басып қалып атылған оқ сол маңайда жүрген оның баласына тиген. Ауыр жарақат алған жас жігіт оқиға орнында жан тапсырды.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша тергеу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлады piter.tv.