Әкесі баласын өртеп жіберді - ШҚО

None
АСТАНА. 2 қаңтар. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны өз ұлының үстіне жанармай құйып, өртеп жіберді.

Оқиға 1 қаңтарда Ұлан ауданына қарасты кенттердің бірінде орын алған. Баласымен жанжалдасқан 51 жасар ер адам ашудан ұлының үстіне жанармай құйып, өртеп жіберген. 26 жасар жігіттің басын, бетін, құлағын, кеудесін, қолын күйік шалған. Ол қазір ауыр халде жатыр.

Әкесінің өзі де зардап шеккен, оның да жағдай нашар. Екеуі де ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz ШҚО ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.