Әкесі үш жасар ұлын көп қабатты үйдің шатырынан итеріп жіберген
11:29, 23 Желтоқсан 2013
АСТАНА. 23 желтоқсан. ҚазАқпарат - Нью-Йоркте тұратын украиндық азамат әйелінен қызғанған ұлын өлтіріп тынып, артынан өзіне қол жұмсады.
Үш жасар бала ата-анасының ажырасып, баланы кімнің қамқорлыққа алатынына байланысты келіспеушіліктің құрбаны болды. Әкесі ұлын анасына тапсыратын күні баласын өлтіріп, кейін өзіне қол жұмсамақ болып шешкен. 35 жастағы Дмитрий Канариков Манхэттендегі 52 қабатты тұрғын үйдің төбесіне шығып, ол жерден ұлын төменге қарай итеріп жіберіп, артынан өзі де секірген, деп хабарлайды Daily Mail.
Канариковтың Нью-Йоркке Харьковтан бірнеше жыл бұрын келіп, жүйелік сарапшы болып жұмыс істеп, Бруклинде тұрғаны белгілі болды. БАҚ бірнеше ай бұрын ғана осы отбасының өзгелерге үлгі боларлықтай тату болғаны туралы жазады. Көп ұзамай, ажырасу процесі басталып, оның аяғы осындай жаға жыртысқан жанжал мен сұмдық оқиғаға алып келді.