Әкесін өлтірген қылмыскер ұсталды - Ақмола облысы

КӨКШЕТАУ. Наурыздың 26-сы. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облысындағы Макин қаласының сыртындағы қоқыс арасынан ер азаматтың мүрдесі табылды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жайсыз хабарды жергілікті полиция бөлімінің кезекшілігіне он бір жасар жергілікті тұрғын жеткізген. Тергеу барысында анықталғандай, ол ұрып-соғудан жан тапсырған 1936 жылғы қала тұрғынының мәйіті болып шықты. Тәртіп сақшылары жүргізген тергеу амалдары барысында зейнеткер 1981 жылғы ұлымен бірге болғаны, араларында жанжалдың шыққандығы анықталды. Бұған дейін темір тордың ар жағында жазасын өтеп келген 1981 жылғы ұлы өз әкесін өлтіргендігін мойындаған. Қазір оның үстінен ҚР ҚК-сінің 96-шы бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жалғастырылуда.