Ақылы жолдардағы абонементтің бағасы және оны алу жолдары қандай

АСТАНА. KAZINFORM – Ол үшін көлік ақылы жолдар учаскесіне іргелес аудандарда тіркелу қажет (көлік құралының тіркелген жері ҚР ІІМ деректер қорынан алынады) және жол ақысы үшін қарызы болмауы тиіс.

Фото: ҚазАвтоЖол

Абонементті алу үшін онлайн, клиенттермен жұмыс істеу орталығына немесе ақы төлеу пунктіне барып өтінім беруге болады.

Абонементтердің құны:

1. Бір айлық абонемент (күнтізбелік 30 күн):

– жеңіл көліктерге қарастырылмаған;

– 16 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 2,5 тоннаға дейінгі жүк автомобильдері үшін – I санаттағы автомобиль жолдары бойынша – 2 АЕК (8 650 теңге), II және III санаттағы автомобиль жолдары бойынша – 1 АЕК (4 325 теңге);

– 32 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 5,5 тоннаға дейінгі жүк автомобильдері үшін – I санаттағы автомобиль жолдары бойынша – 4 АЕК (17 300 теңге), II және III санаттағы автомобиль жолдары бойынша – 2 АЕК (8 650 теңге);

– 32 орыннан асатын автобустар және жүк көтергіштігі 10 тоннаға дейінгі автопоездар үшін – I санаттағы автомобиль жолдары бойынша – 6 АЕК (25 950 теңге), II және III санаттағы автомобиль жолдары бойынша – 3 АЕК (12 975 теңге);

– жүк көтергіштігі 10 тоннадан асатын, бірақ 15 тоннадан аспайтын жүк автомобильдері үшін – I санаттағы автомобиль жолдары бойынша – 8 АЕК (34 600 теңге), II және III санаттағы автомобиль жолдары бойынша – 4 АЕК (17 300 теңге);

– жүк көтергіштігі 15 тоннадан асатын жүк автомобильдері, оның ішінде тіркемелері бар жүк автомобильдері мен ершікті тартқыштар үшін – I санаттағы автомобиль жолдары бойынша – 10 АЕК (43 250 теңге), II және III санаттағы автомобиль жолдары бойынша – 5 АЕК (21 625 теңге).

2. Бір жылдық абонемент (күнтізбелік 365 күн):

– жеңіл көліктер үшін – 1 АЕК (4 325 теңге);

– 16 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 2,5 тоннаға дейінгі жүк автомобильдері үшін – I санаттағы автомобиль жолдары бойынша – 20 АЕК (86 500 теңге), II және III санаттағы автомобиль жолдары бойынша – 12 АЕК (51 900 теңге);

– 32 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 5,5 тоннаға дейінгі жүк автомобильдері үшін – I санаттағы автомобиль жолдары бойынша – 40 АЕК (173 000 теңге), II және III санаттағы автомобиль жолдары бойынша – 24 АЕК (103 800 теңге);

– 32 орыннан асатын автобустар және жүк көтергіштігі 10 тоннаға дейінгі автопоездар үшін – I санаттағы автомобиль жолдары бойынша – 60 АЕК (259 500 теңге), II және III санаттағы автомобиль жолдары бойынша – 36 АЕК (155 700 теңге);

– жүк көтергіштігі 10 тоннадан асатын, бірақ 15 тоннадан аспайтын жүк автомобильдері үшін – I санаттағы автомобиль жолдары бойынша – 80 АЕК (346 000 теңге), II және III санаттағы автомобиль жолдары бойынша – 48 АЕК (207 600 теңге);

– жүк көтергіштігі 15 тоннадан асатын жүк автомобильдері, оның ішінде тіркемелері бар жүк автомобильдері мен ершікті тартқыштар үшін – I санаттағы автомобиль жолдары бойынша – 100 АЕК (432 500 теңге), II және III санаттағы автомобиль жолдары бойынша – 60 АЕК (259 500 теңге).

Абонементті рәсімдеу жолдары:

1. 1403 байланыс орталығы арқылы
- таңдаған абонементтің құнына сәйкес көлік құралының нөміріне қаражат салып, қызметті қосу үшін 1403 байланыс орталығына хабарласу керек.

2. Кaztoll.kz сайты арқылы
- Кaztoll.kz сайтына тіркелу;
- Көлік құралыңыз туралы деректерді толтыру;
- «Абонементті рәсімдеу» бөліміне өтіп, өзіңізге қажетті абонементтің түрін таңдау (айлық, жылдық).

3. Ақы төлеу пункттері (АТП) немесе клиенттермен жұмыс істеу орталықтары арқылы (КЖО)
- АТП немесе КЖО операторларына хабарласу
- Абонементті өзіңізге ыңғайлы әдіспен төлеу (карта, ақшалай немесе интернет-банкинг арқылы).

Айта кетелік Қазақстандағы жол апаттарының 91%-ы жүргізушілердің кінәсінен болатыны туралы жазған едік