Әкім болған бір жарым жылда Бурабайда бір-ақ рет демалдым - Мəлік Мырзалин

Фото: None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақмола облысының әкімі М.Мырзалин отбасымен демалу үшін Бурабайға бір жарым жылдың ішінде бір-ақ рет келгенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бурабайға жұмыс бабымен міндетті түрде аптасына бір рет келемін. Тіпті БАҚ менің осында жиі келетінімді де жазып жүр. Бірақ облыс əкімі болған бір жарым жылдың ішінде отбасыммен бір рет қана демалуға келдім. Үстіміздегі жылы 2 қаңтарда Бурабайдағы Лапландияда отбасы, бала-шағаммен бірге демалдым», - деді Мәлік Мырзалин.

Сонымен қатар, облыс әкімі қызмет көрсету сапасының көңілінен шықпайтынын тілге тиек етіп, бұл бағытта әлі көп жұмыс істеу керектігін айтты. Еске сала кетейік, Ақмола облысының əкімі М.Мырзалин Бурабайда демалудың Түркияға қарағанда неге қымбат екеніне түсініктеме берген болатын. 

      

Соңғы жаңалықтар