Әкім қарамағындағы шенеуніктердің әдемі есебін тексермек
Жиында өңiр басшысы Құмар Ақсақалов тұрақты жұмыс орындарын ашуға көп көңiл бөлудi тапсырды.
Жалпы облыста 2017 жылы 30714 адам жұмысқа тұрды, 2016 жылмен салыстырғанда 24 пайызға көп. Оның iшiнде 24788 адам тұрақты жұмыс тапты немесе 80 пайызы. Өз-өзiн қамтамасыз еткендердiң де саны қысқарды. 2017 жылдың басында олардың саны 91 мың болса, қазiр 79 мыңға түстi. Биыл кешендi жоспардың аясында 27 мың адамды жұмыспен қамту көзделген.
СҚО-да еңбекақының көлемi де артып келедi. 2017 жылдың қорытындысы бойынша орташа еңбекақы 6,5 пайызға өсiп, 103 мың теңгенi құрады.