КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Еңбекшілдер ауданы әкімі Асқар Қиықов Абай атындағы №2 қазақ орта мектебіне жаңа автобустың кілтін табыс етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметіне қарағанда, "ПАЗ-32053-70" маркалы автобусты сатып алу үшін жергілікті бюджеттен 13 миллион теңге қаржы бөлінген.
Білім күні ауданы әкімі Асқар Қиықов Степняк қаласындағы №2 қазақ орта мектебінің оқушылары мен мұғалімдер ұжымын оқу жылының басталуымен құттықтай келе, жаңа автобустың кілтін тапсырды.
Аслан Оспанов
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде оқыған. Мақалалары республикалық, облыстық және қалалық газеттерде жиі жарияланып келді. «Қазақстан» РТРК» акционерлік қоғамының Ақмола облыстық филиалында, «Арқа ажары» газетінде қызмет атқарды. 2014 жылдан бері «KAZINFORM» ХАА-де жұмыс істейді.