Қазіргі сәтте келген ақпараттар бойынша белсенділік тізгіні Жамбыл облысынан Шығыс Қазақстан облысына өткен. Бұл өңірде сайлаушылардың 85,4 пайызы дауыс беруге келген.
Ақмола обысында дауыс берушілердің 63,5 пайызы, Ақтөбе облысында – 69,8 пайыз, Алматы обылсында – 66,3 пайыз, Атырау облысында – 71 пайыз, Шығыс Қазақстан облысында – 85,4 пайыз, Жамбыл облысында – 84,1 пайыз, Батыс Қазақстан облысында – 69,2 пайыз, Қарағанды облысында – 67,3 пайыз, Қостанай облысында – 81 пайыз, Қызылорда облысында – 71,7 пайыз, Маңғыстау облысында – 64,2 пайыз, Павлодар облысында – 70,9 пайыз, Солтүстік Қазақстан облысындаа – 80,2 пайыз, Түркістан облысында – 69,9 пайыз сайлаушылар сағат 18.00-ге дейін дауыс берген.