Әкім сайлауы: Қостанайлықтардың 63,7%-ы өз таңдауын жасады
«Облыстық сайлау комиссиясының сағат 14:00-дегі мәліметіне сәйкес, Қостанай облысы бойынша дауыс берушілердің 63,7%-ы өз таңдауын жасады. Ауыл әкімдерінің сайлауы ҚР Конституциясы мен Сайлау туралы заңның талаптарына сай жүріп жатыр», - деді Қостанай облыстық сайлау комиссиясының мүшесі Әсия Дуанбаева «Хабар24» телеарнасының тікелей эфирінде өткен баспасөз мәслихатында.
Қостанай облысы бойынша ауыл әкімдері сайлауында сағат 14:00-дегі дауыс беру қарқыны:
Алтынсарин ауданы - 63%
Амангелді ауданы – 63,1%
Әулиекөл ауданы – 59,5%
Денисов ауданы - 53,5%
Жанкелді ауданы - 63,4%
Жітіқара ауданы – 66,2%
Қамысты ауданы – 62,2%
Қарабалық ауданы – 65,8%
Қарасу ауданы – 64,4%
Қостанай ауданы – 55,7%
Меңдіқара ауданы – 68,3%
Наурызым ауданы – 63,6%
Сарыкөл ауданы – 74,4%
Б. Майлин ауданы – 62,3%
Ұзынкөл ауданы – 63,8%
Федоров ауданы – 67,6%
Арқалық қаласы – 63,7%
Лисаковск қаласы – 62,1%
Рудный қаласы – 66,8%