Әкім жаяу жүргіншілер жолын мұздан тазартуды тапсырды
03:51, 30 Желтоқсан 2017
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов жаяу жүргіншілер қауіпсіздігін қамтамасыз етуді талап етті, деп жазады әкімнің ресми сайты.
Жаяу жүргіншілер жолдары мұздан тазартылып, онда құм себілуі тиіс.
«Тайғақ салдарынан адамдардың жаяужолдарда жарақат алуын болдырмау
керек. Жылдам әрекет еткен жөн. Жаяу жүргіншілер жағдайын бақылауға алыңыздар.
Бұл барша әкімге қатысты»,-деді аймақ басшысы аппараттық жиында.
Сондай-ақ облыс әкімі жол қызметкерлері мен әкімдіктер ауарайы
тудыратын қиындықтарға дайын болуын тиіс екенін жеткізді. Барлық қарға
толып қалған жол жиектерінде арнайы қалқандар орнатылуы керек.