Жаяу жүргіншілер жолдары мұздан тазартылып, онда құм себілуі тиіс.
«Тайғақ салдарынан адамдардың жаяужолдарда жарақат алуын болдырмау
керек. Жылдам әрекет еткен жөн. Жаяу жүргіншілер жағдайын бақылауға алыңыздар.
Бұл барша әкімге қатысты»,-деді аймақ басшысы аппараттық жиында.
Сондай-ақ облыс әкімі жол қызметкерлері мен әкімдіктер ауарайы
тудыратын қиындықтарға дайын болуын тиіс екенін жеткізді. Барлық қарға
толып қалған жол жиектерінде арнайы қалқандар орнатылуы керек.