Әкімдер рейтингіндегі орныма бас қатырмаймын, оған уақытым да жоқ - Н.Ноғаев

None
АСТАНА. 16 қазан. ҚазАқпарат - «Әкімдер рейтингіндегі орныма бас қатырмаймын, оған уақытым да жоқ. Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде ұйымдастырылған баспасөз мәслихатында Батыс Қазақстан облысының әкімі Нұрлан Ноғаев осылай мәлім етті.

«Саясат мониторинг» зерттеу тобы әкімдердің рейтингін қалай түзетіндігін білмейтіндігін баса айтқан өңір басшысы: «Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Батыс Қазақстан облысына мені әкім қылып тағайындағанда алдыма «осы мәселелерді шешуің керек» деп нақты тапсырмалар қойды. Менің алдымда нақты шаруалар бар. Менің жұмысыма баға беретін Президент Әкімшілігі, Үкімет, халық, бұқаралық ақпарат құралдары бар. Солардың барлығын ескере отырып, өз қызметімді жасаймын. Мен неге 10-шы орындамын, неге алға шықпадым деп басымды қатырып жатпаймын, оған уақытым да жоқ», - деді.