«Мен ұсыныс жасадым және ол қабылданды. Атап айтқанда, қоғамдық ұйымдармен жұмысты әкімдер рейтингісіне енгізу жөнінде ұсыныс жасалды. Яғни, бұл тұрғыда әкімдердің рейтингісі салынған жолдармен ғана емес, сонымен бірге әкімнің үкіметтік емес ұйымдармен жұмысы бойынша да бағалануы тиіс», - деді Н. Ерімбетов.
Н. Ерімбетов 1,5-2 жыл бұрын көптеген ҮЕҰ-лар бизнеске теңестірілгендіктен, олар жабылып қалғандығын жеткізді.
«Мәселен, егер ҮЕҰ мемлекеттік тапсырысты жеңіп алса, ол несие алып, алдын ала төлем жасауы тиіс еді. Ауылдардағы, өңірлердегі көптеген ҮЕҰ-лар жабылып қалды. Алайда бізге Қаржы министрлігінде және Үкіметте қолдау жасап, аталған проблемаларды жойды. Бүгінде егер ҮЕҰ жұмыс істеп жатса, олар біртіндеп алдын ала төлемге қол жеткізеді», - деп түсіндіріп өтті сарапшы.