Қалалық мобильділік басқармасының хабарлауынша, мұндай кездесулер жолдың орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге орай ұйымдастырылып отыр.
Жергілікті билік өкілдері мердігерлермен, коммуналдық қызмет өкілдерімен, кәсіпкерлермен, қарапайым халықпен кездесуді бастады.
Олар жөндеу жұмыстарының күнтізбесі мен жол қозғалысын жабу картасын көрсетті.
Сонымен қатар, коммуналдық қызметтерге барлық жұмыстарды жол жөндеуге дейін аяқтау міндет етілді.
ПИК басшыларына әр жұмыс жайлы ақпарат беруді тапсырылды.
Мұндай кездесулер Әуезов, Алмалы, Бостандық аудандарында болды. Апта соңына дейін барлық әкімдіктер көшпелі кездесуге шығады.
«Жол жөндеу кезінде жаяу жүргіншілерге басымдық беруге тырысамыз. Тротуар салу, оларды жөндеу, мектепке, балабақшаларға, медициналық мекемелерге жету жолдары бойынша алаңдатқан мәселелерге жауап беріледі. Қала тұрғындарға жайлылық жасау үшін жөндеу жұмыстары жазғы демалысқа таяу басталады», - деді қалалық Мобильділік басқармасынан.
Жолды орташа жөндеу барысында жол қозғалысы ішінара жабық болатын болады.
Жазғы уақыттарда түнгі сағат 00.00 мен 06.00 аралығында бетон жабындысы төселетіндіктен толық жабылады.