«Қуатты өңірлер – қуатты ел. Бұл туралы да менің сайлауалды бағдарламамда айтылған. Осы бағытта келесідей міндеттерге күш салу қажет. Бірінші – жергілікті билік органдарының тиімділігін арттыру. Адамдардың жергілікті билікке қолы жетуі керек. Бұл аксиома, бірақ шындық емес. Ілкі жоба ретінде жергілікті билік қызметінің тиімділігін халыққа бағалату жобасын енгізуге болады деп санаймын. Мысалы, егер сауалнама немесе онлайн дауыс беру нәтижесінде халықтың 30 пайызынан астамы қала немесе ауыл әкімі тиімсіз жұмыс істеді деп санаса, бұл Президент Әкімшілігіне туындаған мәселені зерттеп, тиісті ұсынымдар беру үшін арнайы комиссия құруға негіз болады», - деді Президент Қазақстан халқына Жолдауында.
13:52, 02 Қыркүйек 2019
Әкімдердің тиімділігін халық бағалайтын болады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әкімдердің тиімділігін халыққа бағалату жобасын енгізуі ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.