«Осында қатысып отырған әкімдер, барлық ескертулерді түртіп алыңыздар. Мұнда бизнес-қоғамдастықтың аз ғана бөлігі отыр. Олардың басым бөлігі өңірлерде, сондықтан шұғыл шешімді қажет ететін қазіргі міндеттер бойынша бірге жұмыс істейік. Әкімдердің жұмысы айтарлықтай дәрежеде бизнестің тартымдылық параметрлері бойынша бағаланатын болады. Мұндай кездесулерді жалғастыра береміз, олар іскерлік сипатта болады», - деді Президент.
Бұған дейін Мемлекет басшысы дағдарыстан шығынсыз шығу керегін, санкцияларды да ескеру қажеттігін айтқан еді.