«Бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде Алматы қаласының «Жетісу ауданында инженерлік желілер құрылысы аяқтау мерзімінен кешігіп жатыр» деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Қаланың осы бөлігінде, атап айтқанда, Қазыбаев - Райымбек - Тәтібеков - Қ.Рысқұлов көшелеріндегі жөндеу жұмыстары кестеге сәйкес жүріп жатыр. Мердігер компания Хамиди көшесіндегі жол жамылғысын бес күн ішінде - 15 қыркүйекке дейін толық қалпына келтіреді», - деп хабарлады Алматы қалалық Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасы.
Сонымен қатар, басқармадағылар жоба мердігер компаниямен жасалған келісімшарт талаптарына сәйкес қаржыландырылатынын атап өтті.
«Асфальт және инженерлік желі төсеу жұмыстары Т.Ахтанов, Бәйішев, Белорусская, Б.Қыдырбекұлы, Матросов, Ноғайбаев, Салтыков-Щедрин көшелерінде толық аяқталды. Қазір Радищев, Турин, Түрікмен және Шелихов көшелеріне асфальт төсеуге дайындық жүріп жатыр. Мегаполис бойынша инженерлік желілер құрылысының барысы уәкілетті қызметтердің күнделікті бақылауында», - деп хабарлады әкімдіктен.