Интербелсенді картаның көмегімен жақын маңдағы көмір сататын кәсіпорындарды, тіпті олардың телефон нөмірін де білуге болады. Қазіргі кезде бір тонна көмірдің бағасы 7 000-15 000 теңге айналасында.
Биыл қатты отынды өндіру көлемін арттыру жоспарланған. Мәселен, «Шұбаркөл көмір» АҚ көмір бассейндерінде коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктер үшін 4,8 миллион тонна көмір өндіріледі. Былтыр бұл көрсеткіш 3,9 млн тонна болатын.
17:20, 13 Шілде 2018
Әкімдік қарағандылықтарды қысқа ерте бастан қамдануға шақырды
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында қатты отын сатылатын орындардың картасы жасалды. Билік тұрғындарды қазірден бастап қысқа көмір қамдауға шақырып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.