Парламент Сенатының депутаттары Серікбай Трұмов пен Сүйіндік Алдашев Мұнайлы ауданында болды. Маңғыстау ауылын электр қуатымен қамтамасыз ету жұмысының барысымен, сондай-ақ Қызылтөбе ауылдық округінде жүріп жатқан газ құбыры және 1200 орындық мектеп құрылысымен танысты.
Мемлекеттік мектеп құрылысының салынуы үш ауысымдық оқыту мәселесін жеңілдетуге көмектеседі. Құрылыс жоспар бойынша 2024 жылы аяқталуы тиіс.
«Жайлы мектеп» жобасы әзірленді. Бұл жоба мектептердің жетіспеушілігін толығымен шешуі керек. Құрылыс мерзімі және жұмыстың жоғары сапасы сақталуы тиіс. Осыған байланысты, жергілікті әкімдік пен тиісті мемлекеттік органдар тарапынан осы мектептің құрылысы барысына қатаң бақылауды қамтамасыз етудің ерекше маңызы бар», - деп атап өтті Серікбай Трұмов.
Сенаторлар «Маңғыстау атом энегетикалық комбинаты» мен «Каспий» су тұщыту зауытының жұмысымен де танысты.