Әкімдіктер алдағы жылу беру маусымына дайындықты бастады

АСТАНА. 28 сәуір. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов облыс әкімдерімен селекторлық форматтағы кеңес өткізді.

«Алдағы жылу беру маусымына дайындық басталды», - деп жазған К.Мәсімов Twitter-де.

Кеңесте Үкімет басшысы облыс басшыларымен индустриялық жобалар жөніндегі жұмыстарды да талқылады.