Аталған кодекске 4 бағытта түзетулер енгізіледі.
«Біріншіден, Конституциялық соттың құрылуына байланысты Конституциялық кеңес пен оның мүшелері аталған баптарға оларды Конституциялық сот және оның судьяларына ауыстыру тұрғысында нақтылайтын түзетулер ұсынылып отыр.
Екіншіден, заң жобасында Есеп комитетінің атауын Жоғары аудиторлық палатаға ауыстыруды нақтылайтын түзетулер көзделген.
Үшіншіден, сайлау туралы Конституциялық заңға түзетулерді сайлау алдындағы үгіт жүргізуге және үгіт материалдарын таратуға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық құрамдарымен байланыстыру мақсатында заң жобасында кодекстің 112 және 113-баптарына түзетулер көзделген.
Төртінші және соңғы бағыт кодекстің 874-1-бабын Конституцияның 83-1-бабының адам құқықтары жөніндегі уәкілді Сенаттың келісімінсіз сот тәртібімен қолданылатын әкімшілік жазалау шараларына тартуға болмайды деген бөлігіне сәйкес келтіруді көздейді», - деді заң жобасын таныстырған Әділет министрі Қанат Мусин.
Депутаттар құжатты бірінші оқылымда мақұлдау жөнінде шешім қабылдады.