Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінен хабарланды.
Өндіру шаралары бойынша осы жылы 221 541 құқық бұзушыға қатысты шығарылған ескертулердің саны 35 пайызға, әкімшілік айыппұл салу туралы қаулы - 6,4 пайызға артты, онда 786 655 құқық бұзушы 13,9 млрд. теңге сомасына тартылған.
Әкімшілік қамауға тартылған адамдардың 2 пайызға төмендегені байқалады. Сонымен қатар соттар шетелдіктерді елден шығару туралы әкімшілік шешімді 2,1 пайызға аз шығарған.
Барлық салынған айыппұл сомасынан 48,8% немесе 7,1 млрд. теңге өндірілді. Сондай-ақ осы жылы құқық бұзушылар 6,1 млрд. теңгеден артық сомада өткен жылдардың айыппұлдары бойынша 15 мың қаулыны орындады. Жалпы өткен кезең бойынша әкімшілік айыппұлдарды өтеу есебімен мемлекет бюджетіне 13 млрд. теңгеден артық сома келіп түсті.
Өңірлер бойынша әкімшілік айыппұлдардың ең көп өтелуі - Шығыс Қазақстан (69%), Ақтөбе (66,4%) және Батыс Қазақстан (66%) облыстары бойынша.