Іс-шара ҚР ҚМ МКК Оқу-әдістемелік орталығымен мемлекеттік кірістер органдарының тергеу-жедел бөлімшелерінің және ішкі қауіпсіздік бөлімшелерінің қызметкерлері үшін ұйымдастырылған.
Семинар барысында қылмыстық, қылмыстық-процессуалдық, қылмыстық-атқару кодекстерінің және «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің жаңа модельдеріне ауысудың ерекшеліктері айқындалады. Дәріскерлер ретінде Бас прокуратураның, Жоғарғы соттың, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі және Әділет министрлігінің өкілдері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының және Қазақстан Республикасы Қаржы полициясы академиясының профессорлық-оқытушылық құрамы шақыртылған.
Іс-шара еліміздің Президентімен бекітілген қылмыстық сот жүргізу, әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнаманың жетілуі және құқықтық жазаларды орындау жүйесінің жаңа модельге ауысу бойынша іс-әрекет біріңғай мемлекеттік іс жоспарын жүзеге асыру шеңберінде өткізіліп отыр.
Сонымен қатар, семинар барысында жаңа кодекстерді әзірлеу және олардың негізгі ережелері, сот рәсімдерінің институттары, әкімшілік шараларды қолдану және әкімшілік жауапкершілікке тартудың жаңа тәртібі, апробациялық бақылау бойынша өзекті мәселелер талқыланатын болады, деп хабарлайды ҚМ МКК баспасөз қызметі.