Ақын, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ТҮРКСОЙ Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет Хайнань аралында өткен Халықаралық 6-шы Боао поэзия сыйлығы «Үздік жетістік» номинациясының бас жүлдесін иеленді, деп хабарлайды Kazinform.
Бұл туралы бүгін Қазақстан Жазушылар одағының алеуметтік желідегі жеке парақшасында жарияланды.
«Барша қаламдас әріптестерінің атынан марапатымен құттықтай отырып, деніне саулық, шығармашылық табыс тілейміз!», деп жазады Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшылығы.
Бейсен Сұлтан
Сұлтан Бейсен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетінің түлегі. Еңбек жолын 2007 жылы "Жазушы" баспасында редактор болып бастаған. 2008 жылы "Ара" журналында, 2010-2011 жылы Алматы облысының "Талдықорған кеші" газетінде тілші, 2012 жылы "Талдықорған Севен" газетінде тілші болып жұмыс істеген. 2013 жылы сәуір айынан бастап "ҚазАқпарат" ХАА-нде Төте жазу редакциясында шығарушы редактор болып жұмысқа орналасқан