Бұған дейін өрт салдарынан барлығы 49 адам зардап шеккен, оның ішінде екі ересек адамның №7 қалалық клиникалық ауруханаға жатқызылғанын хабарлағанбыз.
«Екі науқастың жағдайы бірқалыпты, реанимациядан бөлімге ауыстырылды. Барлық қажетті медициналық көмекті толық көлемде көрсетіліп жатыр», - деп хабарлады ведомстводан.
Түрлі дене жарақатын алған 15 баланың 9-ы балаларға жедел және шұғыл көмек көрсету орталығында, 6 бала №2 балалар клиникалық ауруханасына түскен еді. Олардың бірі реанимация және қарқынды терапия бөліміне түсті.
«Реанимациядан шыққан бала токсикология бөліміне ауыстырылды. Қалғандарының жағдайы жақсарып келеді. Үш науқасты ертең, жағдайлары тұрақты болған жағдайда тағы үшеуін осы сенбіде шығарғалы отырмыз», - деп толықтырды ведомстводан.
Еске салсақ, 1 тамызда Алматыдағы «Ақкент» шағынауданында 16 қабатты көпқабатты үйде өрт шығып, нәтижесінде барлығы 49 адам зардап шегіп, бір әйел алған жарақатынан қайтыс болды.