қызмет көрсетілген, өсім былтырғы жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 14,5 пайызды құрап отыр.
Осы уақыт аралығында өңірде өз несібесін кәсіпкерлікті қолдау арқылы тауып отырғандар қатары 10 пайызға өсіп, 4 429 адамға жеткен. Аудан көлемінде 1 613 шағын және орта бизнес нысаны тіркелген, бұл өткен жылға қарағанда 5,3 пайызға артық. Жыл басынан бері кәсіпкерлік саласында 265 жаңа жұмыс орны ашылды. Өңірде 1 308 жеке кәсіпкерлік нысаны, 192 шаруа қожалығы жұмыс жасап келеді. Осы уақытта төрт шағын бизнес нысаны іске қосылған. Ауыл тұрғындарының кәсіпкерлікпен айналысуына қаржылай қолдау көрсету мақсатымен түрлі қаржы құрылымдарынан жалпы сомасы 87 миллион теңгенің 22 несиесі бөлінді.