Аққөл қаласында облыс жастарының форумы өткізілді

None
КӨКШЕТАУ. Желтоқсанның 23-і. /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облысына қарасты Ақкөл қаласындағы жастар форумында өңір экономикасы мен әлеуметтік дамуын жүзеге асыруда жас буынның атқарар қызметі мен рөлі, жастардың білім мен ғылымды өркендетуге қосар үлесі қарастырылды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ішкі саясат басқармасының ұйытқы болуымен іске асырылған іс-шараға өңір жастары, жас ғалымдар мен мұғалімдер, жас кәсіпкерлер мен өндіріс жаңашылдары, мемлекеттік қызметкерлер, «Жас Отан» жастар қанаты, «Студенттер Альянсі» мен жастар қоғамдық ұйымдарының көшбасшылары, жұмысшы жастар, студенттер мен мектеп оқушылары қатысып, талқыланған мәселелер турасында ойларымен бөлісті. Іс-шара барысында секцияларда жас басшының өзіндік менеджменті, жастар ұйымының әрекетін жетілдіру, интелектуалды ұлт, елдің бәсекеге қабылеттілігін арттыру мен дамыту, болашақ кадрларды дайындау мен іріктеу, «Дипломмен ауылға» бастамасына қолдау көрсету жайы тілге тиек етілді. Жастар басқосуына ҚР Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясының стипендиаттары, Қазақстан ауыл жастары одағының өкілдері қатысып, ой-түйіндерін ортаға салды. Форумда облыс жастарын ынтымақты іс-қимылға шақырған үндеу қабылданды. Жүзден жүйрік шыққандарға «Менің Қазақстаным» жастар акциясының қорытындысы бойынша облыс әкімінің «Үздік қазақстандық» сыйақысы табысталды.