«Бұл көліктерде ақтүтек боранның салдарынан жолдың ашылуын күтіп қалған жүргізушілер мен жолаушылар келе жатыр. Көліктер тобына жол бойындағы елдімекендерден тағы 20 көлік қосылды. Бірнеше бөлікке бөлінген әр тізбекте 30-35 көліктен қозғалуда. Көлік тізбегімен бірге қар тазалаушы техника, полиция қызметкерлері мен құтқарушылар бірге келеді», - деп хабарлайды ІІМ баспасөз қызметінен.
Көлік тізбегінің құрамында көбінесе жеңіл автокөліктер, жолаушылар автобусы (оның ішінде шетел азаматтары да бар) бар. Сондай-ақ, жүк көліктерінің біразы Ақкөлде қалды. Қозғалыс қаупі ескеріліп, олар да тек құтқарушы құрылымдардың септесуімен жолға шыға алады.