«2016 жылдың 11 наурызындағы жағдайға сәйкес ҚР Орталық сайлау комисссиясы Сыртқы істер министрлігінің ұсынысымен халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттердің 454 байқаушысын акрредиттеді. Олардың ішінде ЕҚЫҰ/ДИАҚБ-ның- 44, ТМД миссиясының - 293, ШЫҰ миссиясының - 9, ИЫҰ миссиясының - 3, Түркі тілдес мемлекеттер Парламенттік Ассамблеясының - 7, сонымен қатар 10 шет мемлекеттің 23 байқаушысы бар», - деді ол.
Оның атап өтуінше, мұнан бөлек ҚР СІМ 28 мемлекеттен 117 шетелдік бұқаралық ақпарат құралының өкілін аккредиттеген.
«Бұқаралық ақпарат құралдарының арасында «Austrian Press Agency», «Франс-Пресс», «Синьхуа», «ТАСС», «Томсон-Рейтер», «European Pressphoto» ақпарат агенттіктері, сондай-ақ «The Financial Times», «The Guardian», «Российская газета» газеттері, «Азат Еуропа/Азаттық» радиосы, бірқатар телеарналар бар. Осылайша, қазіргі уақытта әлемнің 51 елінен 571 халықаралық байқаушы мен шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері аккредиттелді», - деді М.Сәрсембаев.