Ақмәди Сарбасов вице-министр қызметінен босатылды

Фото: Фото: gov.kz

АСТАНА. KAZINFORM – Ақмәди Сарбасов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі қызметінен босатылды. Бұл туралы ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі хабарлады.

– Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Ақмәди Әділұлы Сарбасов басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі қызметінен босатылды, - делінген хабарламада.