«Ажар Ғиният өзінің медициналық біліміне қатысты жұмысты жалғастырғысы келді. Ол педиатр мамандығын меңгерген. Жаңа қызметін Ұлттық балаларды оңалту орталығында жалғастырады.
Оның халықаралық ұйымдармен жұмыс істеудегі әлеуеті, сондай-ақ Денсаулық сақтау министрлігінде атқарған жылдар ішінде жинаған саяси тәжірибесі орталықтың жұмысына тек оң ықпалын тигізеді деп ойлаймын», - деді А. Әлназарова.
Оның айтуынша, аталған орталықтағы қызмет осыған дейін бос болған.
Бұдан бұрын хабарланғандай, жақында «Ұлттық балаларды оңалту орталығы» КЕАҚ басшысы қызметіне Ажар Ғиния тағайындалды.