ҚАРАҒАНДЫ. KAZINFORM – Көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасының өкілі Ақмарал Ерекешева Овьедо қаласында өткен Испанияның клубтық чемпионатында екі медаль жеңіп алды. Қазақстандық гимнаст халықаралық турнирде екі рет қола жүлдеге ие болды.
Ерекешева шығыршықпен жаттығуда 29.700 ұпай жинады. Ал лентамен өнер көрсетуде төрешілер қазақстандық спортшыға 27.600 ұпай берді.
Айта кетейік, құрамында Ақмарал Ерекешева өнер көрсеткен «Gimnasia Chiclana» клубы жалпы есепте төртінші орын алды.
Еске сала кетейік, осыған дейін спорттық гимнастикадан Азия чемпионатында Қазақстан намысын кімдер қорғайтынын жазған едік.
Абылайхан Жұмашев
1993 жылы 15 қарашада Атырау облысы Индер ауданында дүниеге келген.
Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының магистрі.